КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.34.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 08:21
Түркия армяндар геноцидін танығаны үшін Швециядан елшісін шақыртып алды
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат  -    Швеция   парламенті      Осман  империясы  дәуіріндегі   армяндар  геноцидін тану  туралы қарарды қабылдағаннан кейін Түркия      консультация  үшін  Стокгольмдегі елшісін     шақыртып алды.    Бұл туралы Түркия  Премьер-Министрі Реджеп Ердоғанның    мәлімдемесінде  айтылып  отыр.

Р.Ердоған    сонымен бірге,    наурыздың 17-сіне    жоспарланған   Стокгольмге сапарын  кейінге    қалдыратынын мәлім етті,  деп   хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

1915 жылғы Осман империясындағы  армяндар геноцидін   тану  туралы   қарарды швед парламенті  кеше   1   басым дауыспен  қабылдады.   Осының   алдында ғана  Швецияда        сапармен   болған  түрік  парламентінің  делегациясы,     бұл қарардың  қабылдануы    швед-түрік  қарым-қатынастарына  зиян  келтіруі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Айта кету керек,  осыдан бірнеше күн бұрын   АҚШ Конгресі  өкілдер палатасының  сыртқы  істер  жөніндегі комитеті  де    1915 жылы болған оқиғаны армян халқының геноциді  деп  тану  туралы  қарар қабылдаған болатын.   Осыдан кейін Түркия   АҚШ-тан   елшісін   консультация   үшін шақыртып алған еді. 

Естеріңізге сала кетейік,   бұл жерде  1915-1918  жылдары  болған  оқиғалар  туралы сөз болып отыр. Дегенмен,  бүгінде  бұл мәселеге  қатысты   тарихшылардың  пікірлері әртүрлі екенін айта кету керек.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.