|
12 Наурыз 2010, 08:05 Таразда телефон бұзақысы ұсталды ТАРАЗ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда «облыс орталығындағы көшелердің біріне жарылғыш заттың қойылғаны» туралы қоңырау шалған телефон бұзақысы ұсталды, деп хабарлады Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен. Дабыл бойынша күш-қуат ведомстволарының барлығы көтерілді. Жедел-іздеу шараларының барысында «мина туралы» қоңырау шалынған қалалық телефон мен оның мекен-жайы анықталды. Полиция дереу төңіректегі аумақтың барлығын қоршауға алды - бірақ ешқандай бомба табылған жоқ. Жедел шаралардың нәтижесінде, тәртіп сақшылары қоңырау шалған 34 жастағы қаскөйді де ұстады. Ол - бұрын сотталған Тараз тұрғыны болып шықты. Оның айтуынша, «ойнап телефон соққан» кезде ол мас болған. Енді оны ҚР Қылмыстық кодексінің 242-ші бабы бойынша (лаңкестік туралы қасақана жалған хабар) жаза күтіп тұр. Пiкiрлер (0)
|
|