|
12 Наурыз 2010, 07:42 Павлодар облысында ауыл кәсіпкерлері жұмыс орындарын құруда ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Шарбақты ауданының ауылдарында кәсіпкерлер өткен жылы 311 жаңа жұмыс орнын құрды, бүгінде шағын бизнес саласында 2561 адам еңбек етуде. «Кәсіпкерлік аймақ бизнесмендерінің 40 пайызы жұмыс істейтін аудан орталығында, Александровка, Галкино, Красиловка және Орловка селоларында белсенді дамуда», деп хабарлады аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Людмила Сероокая. Ағымдағы жылы алты жаңа дүкен ашылады деп күтілуде. Бизнес белсенді дамып отырған селоның бірі - Красиловка, онда наубайхана, май тарту цехы, диірмен және сүт модулі жұмыс істейді. Биыл сондай-ақ, тігін цехы мен аяқ киім жөндейтін шеберхана ашу жоспарлануда. Село кәсіпкерлері сонымен бірге, көкөніс шаруашылығын да дамытпақ. Пiкiрлер (0)
|
|