КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.59.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 20:05
ӘКК көмегімен құрылған кәсіпорын жобалық қуатына шықты
ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - «Тобыл» ӘКК мен Қостанай облысының Амангелді ауданындағы «Нарбай» шаруа қожалығының бірлескен кәсіпорны жобалық қуатына шықты.

«Үрпек-Тобыл» ЖШС бордақылау алаңы құрылысын жүзеге асыру және жергілікті тұрғындардан 6 миллион теңгеге 200 бас іріқара төлін сатып алу үшін құрылды. Жоба бастамашысына қаражаттар өткен жылдың қыркүйек айында аударылды және ағымдағы жылдың басында-ақ «Үрпек-Тобыл» ЖШС мал қорасын және жемазық сақтайтын қойма орнын салуды аяқтады, жергілікті тұрғындардан мал басын сатып алды. Бүгінде бордақылау алаңының құрылысы аяқталды.

«Үрпек-Тобыл» ЖШС шарт бойынша алғашқы міндеттемелерін орындап шыққанмен, қол жеткенге тоқталып қалмақ емес.  Кәсіпорын директоры Таңатар Ахметовтің айтуынша, жаз шыға мұнда мал союы цехы, екінші мал қорасы және жемшөп сақтайтын қосымша қойма орындары салынбақ.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.