КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.41.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 19:51
ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі мәселелері жөніндегі жаңа өкілі қызметіне Босния мен Герцеговинаның құқық қорғаушысы Дуня Миятович тағайындалды
 ВЕНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ еркіндігі мәселелері жөніндегі жаңа өкілі қызметіне Босния мен Герцеговинаның тәжірибелі құқық қорғаушысы Дуня Миятович тағайындалды,

деп хабарлады Вена қаласындағы Ұйымның баспасөз қызметі.

«Миятович ханымның тағайындалуы ЕҚЫҰ барлық қатысушы елдерінің бірауызды шешімі болды және Ұйымның БАҚ еркіндігі мәселелерін алға жылжытуда одан әрі ілгерілеуге ұмтылысын дәлелдейді, - деді бұл жайында ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев. - Біз оған ЕҚЫҰ-ның осы маңызды бағытында табыстар тілейміз және Ұйымның барлық қатысушыларын Миятовичке оның жұмысына қажетті қолдау көрсетуге шақырамыз».

Д.Миятович - масс-медиа қызметінің құқықтық мәселелері жөніндегі танымал сарапшы, ол бұл лауазымда венгр құқық қорғаушысы Миклош Хараштиді алмастырып, өзінің міндеттерін орындауға наурыздың 11-інде кірісті.  1998 жылы Д.Миятович соғыстан кейінгі Босния мен Герцеговинада БАҚ қызметінің нормативтік-құқықтық негіздерін жасауға белсене қатысты. 2007 жылы ол Еуропалық реттеуші органдар тұғырнамасының директоры қызметінде бұл лауазымдағы алғашқы әйел болды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.