|
11 Наурыз 2010, 19:42 Жетпіс жасқа толған белгілі бапкерге жеңіл автокөлік табыс етілді ОРАЛ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР құрметті спорт қайраткері Қамеш Исмағұловтың 70 жасқа толуына орай М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті спорт сарайында дзюдодан жастар арасында жарыс өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Онда 23 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар өз салмақ дәрежелерінде күш сынасты. Қамеш Исмағұлов - өңірде самбо күресінің негізін салушылардың бірі. Оның шәкірттері көптеген әлемдік, республикалық жарыстарда топ жарды. Осы еңбегіне орай оған «темір тұлпардың» кілті табыс етілді. Пiкiрлер (0)
|
|