КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.00.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 19:11
Ауа сапасы стандартының жаңа жүйесін енгізу қажет - ЕО сарапшысы
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанға ауа сапасы стандартының жаңа жүйесін енгізу қажет. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасында экологиялық саясаттың құралдарын енгізу» атты жобасының таныстырлымы барысында жобаның бас сарапшысы Болат Есекин осылай мәлім етті,  

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атмосфераны экологиялық қорғау саласы бойынша негізгі проблемалардың бірі - рұқсат етілген шекті концентрациясы  мөлшерінің ескіргеніне қатысты болып отыр. Мәселен, суға қатысты мөлшері 300 рұқсат етілген концентрацияны құрайды, әрі бұлардың арасында аса қауіптілер де қамтылып кетеді. Ал кейбір қауіпті бөлшектер Қазақстанда бүгінгі күні қадағалаусыз күйінде тұр», деді Б. Есекин.

Осыған орай, ЕО жобасының сарапшылары рұқсат етілген шекті концентрация бойынша жаңа жүйеге көшуді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген деңгейге өтуді ұсынады.

Бұдан бөлек, сарапшылар тарапынан шығарындылар нормаларын қолжетімді технологиялар негізінде реттеуді, шығарынды үшін төлем мөлшерін арттыруды, энергия тұтыну нормаларын қайта қарастыруды ұсынады. Бұдан бөлек, сарапшылар Қазақстанда жанар-жағармай отыны  сапасына қатысты стандарттарды қайта қару және оның сапасын бақылау туралы мәселе көтеріп отыр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.