КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.16.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 18:58
Қожа Ахмет Ясауи өз заманында түркі тілінің бар байлығын қолданған тұлға - профессор Серік Нұрмұратов
     АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -    "Мәден мұра" бағдарламасы  аясында жарық көрген қазақ философиясының 20 томдығы енді ағылшын тіліне аударылады.  Бұл  бүгін Алматыда өткен "Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және  қазіргі заманғы ислам мәдениеті" деп аталатын халықаралық ғылыми конференцияда айтылды, 

     деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         "Адамның бойында екі күш бар. Біріншісі, ақиқатқа қарай ұмтылдыратын рухани күш. Екіншісі, нәпсілік табиғи күш.   Қазіргі жаһандану бәсекелесуге негізделген.   Адамдардың түсінісуі,  бір-біріне көмектесуі, жанашырлығы тілдің негізін құраса ғана ол философияға айналады. Ясауи адам мәселесін жоғары көтереді.  Онда көтерілген категориялар ислам дінінің ауқымынан шығып кетеді. Мысалы, махаббат деген ұғым. Аллаға, әлемге, ақиқатқа, адамға деген. Махаббат тілі ақыл-ойды байытады", дейді философия ғылымының докторы Серік Нұрмұратов. Профессор Серік Есентайұлының пайымдауынша, даналық барлық  уақытта даналық боп қала береді.   Онда айтатын ой мен негізгі тіректері ұқсас. Енді қазақ философиясы ағылшын тіліне аударылғалы жатыр. Бұл жұмыс жүзеге асқан кезде  қазақтың дүниетанымын әлем біледі. Өкінішке орай, қазіргі таңда қазақтың дүниетанымын салыстырмалы талдау аз. Алдағы уақытта айырмашылық пен ұқсастық көбірек айтылып, тіл философиясы  сипатын аша түсу керек.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.