КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.46.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 18:11
ЕО жобасы Қазақстанда Ұлттық су кеңесі мен Су ресурстарын қорғау агенттігін құруды ұсынады
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -   Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасында экологиялық саясаттың құралдарын енгізу» атты жобасы Қазақстанда Ұлттық су кеңесі мен Су ресурстарын қорғау агенттігін құруды ұсынады.  Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде аталған жобаның таныстырлымы барысында бас сарапшы Болат Есекин  мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас сарапшының айтуынша, ЕО жобасы бойынша Қазақстандағы суды басқарудың мәртебесіне қатысты үш сатылы ұсынымдар әзірлеген. Бұның біріншісі, жедел атқарылуы тиіс 3 жылдық мерзімді қамтыса, екіншісі 7 жылдық уақытқа, үшіншісі ұзақмерзімді кезеңге арналып отыр. «Суды басқару өкілеттігінің мәртебесін арттыру үшін ең алдымен көптеген дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып - Ұлттық су кеңесін құру қажет.  Еуропалық Одақта бұндай бірегей Кеңес тиімді жұмыстар атқаруда әрі оның ұсынымдары үнемі талқылау сипатына ие болады. Бұндай ұлттық кеңестер ТМД елдерінің бірқатарында қызмет етеді. Ал Қазақстан үшін су мәселесі болашақ экономикалық дамуда маңызды орынға иеленетін стратегиялық ресурс болып табылады. Еліміздің климаттық жағдайын, сумен қамтамасыз етілуін ескерсек, алдағы жылдары экономика мен барлық салалы өнеркәсіптік дамудың суға қатысы болатыны айқын болжанады», деді Б. Есекин.

Сонымен бірге, бас сарапшы Қазақстанда Су ресурстарын қорғау жөніндегі агенттігін құру қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, бұндай агенттік су ресурстарын қорғауға, суды тиімді пайдалануға қатысты шаралармен айналысуы тиіс. «Ең бастысы агенттік экологиялық мүдделер тұрғысында суды қорғаумен айналысуы шарт», деді ол.  


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.