КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.23.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
11 Наурыз 2010, 17:51
Маңғыстау облысының әкімдігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен жобалық қолдау жөніндегі келісімге қол қоймақ
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Маңғыстау облысының әкімдігінде облыс әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жобалық қолдау жөніндегі келісімге қол қойылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банк өкілдері сонымен бірге «Ақтау қаласының жылу және су құбыры желілері» республикалық қазыналық кәсіпорнымен несиелік келісімге қол қоймақ.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық қайта құру және даму банкі еліміздің шикізаттық емес саласына қаржы бөліп отырған ірі инвесторлардың бірі. Аталмыш ұйым Қазақстанда жұмыс істей бастағалы елдің экономика саласының түрлі секторларына 2,3 миллиард доллар көлемінде қаржы құйған. 

Аталмыш банк пен Маңғыстау облысының арасындағы құны 8 миллион доллар тұратын «Ақтау қаласындағы сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту» жобасы мен «Ақтау қаласының жылу және су құбыры желілері» республикалық қазыналық кәсіпорнына техникалық қолдау ретінде 1,5 миллион доллар бөлу жөніндегі шаралар еліміздегі жүзеге асырылып отырған ілкі жобалардың бірі. Себебі елдің тұрғын үй-коммуналдық секторы инвесторлар ерекше қызығушылық танытқан   сала.

Индустрия және сауда министрлігі өкілдерінің айтуларынша, Еуропалық қайта құру және даму банкі сияқты қаржылық құрылымдармен байланыс елімізде қолға алынған жобалардың жоғары деңгейде әрі сапалы орындалуының кепілі.   


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.