КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.56.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 17:37
Тауар биржасында сәуір айында орындалуы тиіс фьючерс бағасы арзандады
АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Еуразиялық сауда жүйесі»  (ЕСЖ) тауар биржасында 3,4 сыныпты астық үшін кезекті  сауда өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндізгі сессияда 3 сыныпты астық үшін құны 11 752 000 теңгелік 12 фьючерстік келісім жасалынды.Сауда барысында наурыз айында орындалуы тиіс фьючерсте астық бағасы өткен саудамен салыстырғанда 200 теңгеге төмендеп, сессияның жабылуы кезінде тоннасына 15 000 теңге болды. Сәуір айындағы келісім бағасы да алдыңғы саудамен салыстырғанда 250 теңгеге төмендеп,  сессияның жабылуы кезінде тоннасына 15 100 теңгені құрады. Дәл осындай төмендеу мамыр айындағы фьючерстік келісімде бар. Сессияның жабылуы кезінде бұл келісім бойынша астық бағасы 15100 теңгені құрады.

Күндізгі сессияда бұнымен қатар 4-ші сыныпты астық үшін  құны 27 300000 тенгелік 30 фьючерстік келісім жасалынды. Сессияның басында ашық келісімдердің саны 60 болған еді. Бұл саудада наурыз айында орындалуы тиіс келісім бағасы тоннасына 14000 теге болды.Ал сәуірлік фьючерс 50 теңгеге қымбаттап, тоннасына 12 840 теңге болды. Осындай өсім мамыр айындағы келісімде бар. Мамыр айында орындалуы тиіс фьючерстің бағасы тоннасына 12 820 теңгені құрады. Жалпы күндізгі сессияда құны  39 052 000 теңгелік 42 фьючерстік келісім жасалынды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.