КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.02.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 17:09
ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретіндегі Қазақстанның алғашқы қадамдары елдің бұл жауапты міндетке тыңғылықты дайындалғанын дәлелдейді
 АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада өткен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы барысында Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев

ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер ағымдағы жылы ұйымнан үлкен мүмкіндіктер күтіп отырғандығын атап өтіп, оның Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық қауымдастық алдындағы зор беделінің арқасында екендігін жеткізді.

Екі айдың ішінде шетелдік БАҚ-тарда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына сараптамалық бағалау, болжам жасау сипаттағы жүздеген мақалалар жарияланғандығын атап өткен Қ.Саудабаев аталған жарияланымдардың өрістеуіне қысқаша тоқталды.

Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрінің сөзіне қарағанда, жоғарыда аталған мақалалар төмендегідей мазмұнды қамтиды: ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретіндегі Қазақстанның алғашқы қадамдары елдің бұл жауапты міндетке тыңғылықты дайындалғанын дәлелдейді; Қазақстан ұйым жұмысына қазірдің өзінде тың серпін берген нақты, анық, сонымен қатар болашағы зор іс-әрекет бағдарламасын ұсынды; Қазақстан Президентінің 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу туралы ұсынысы бүкіл ЕҚЫҰ кеңістігін дүр сілкіндірді және Ұйым жұмысына тың серпін ретінде қызу талқылануда; Қазақстан төрағалығы - бұл елдің Еуропаға одан әрі жақындай түсуі үшін қуатты стимул және демократиялық стандарттардың беки түсуі.

«Бұл жайттар барлық мемлекеттік органдардың жүйелі және үйлесімді әрекеттесуін талап етеді және бізге ерекше жауапкершілік жүктейді», деді ол өз сөзінде.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.