КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.40.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 17:15
Бүгінгі экономиканың құрылымын өзгертпей, оны дамып келе жатқан экономика деуге болмайды - Г.Қарақұсова
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Республикада үлестік құрылысқа қатысушылардың мәселесі жалпы алғанда шешілді деуге болады.

Бірақ ішінара мәселелер, әсіресе Алматыда әлі де болса бар. Бір қуантарлығы, қазір «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы қалыптасқан мәселелерді шешуге бел шешіп кірісті. Сондай-ақ Астанадағы «Альянсқұрылысинвест» салып жатқан «Лесная поляна» мен «Инфинити» құрылыс нысандары бар. Онда ақшасын толықтай салған, соған қарамастан проблемалы 5 мыңнан астам үлескерлер бар. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясында өткен Мемлекет қаржысының игерілуін бақылау комиссиясының кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның дағдарыстан кейінгі елде атқарылған шараларға қатысты қозғаған сөзіне қарағанда, елімізде студенттерге жеңілдіктер негізінде несие беру мәселесі әлі күрделі күйінде қалып отыр. Оған қатысты нақты бір шешім әзірге қабылданған жоқ.

Депутаттың пікірінше, бүгін экономиканың құрылымын өзгертпейінше, оны дамып келе жатқан экономика деп атауға болмайды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.