КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.48.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
11 Наурыз 2010, 17:06
Мемлекет бөлген қаржы тиімді жұмсалып қана қоймай, ойлаған мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі тиіс - Г.Қарақұсова
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елбасының биылғы Жолдауы мән-мағынасы мен мақсаттары айқын маңызды құжат.

Бұл Мемлекет басшысының 1994 жылдың  маусым айының 6-ында жасаған алғашқы Жолдауының заңды жалғасы іспеттес. Онда: еліміз тәуелсіздігін алды, енді оны әрі қарай мемлекет ете аламыз ба деген сауал тұрған болатын. Біз бұл мақсатымызға жеттік. Себебі біз бүгін  тәуелсіз, өз алдына дербес ел ғана емес, әлемге танымал, алдыңғы қатарлы елдермен иық теңестіруге ұмтылып отырған тұрақты мемлекетпіз», деді Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова. Бұл туралы ол бүгін Мемлекет қаржысының игерілуін бақылау комиссиясының кезекті отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның пікірінше, биылғы Жолдау Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан кейін және әлемдік қаржы дағдарысынан соң экономикалық тұрғыдан тәуелсіз мемлекет болып қала алды ма деген мәселені қамтиды. «Біз алдағы он жылда осы сауалға жауап бере алуымыз керек. Біздің алдыға қойған мақсаттарымыздың орындалуы Мемлекет басшысының елде жүргізген саясатына немесе Үкіметтің іс-әрекеттеріне ғана байланысты емес. Бұл елдің әрбір азаматының мойнындағы міндет. Себебі еліміздің әрбір тұрғыны осы қоғамның өкілі және белгілі бір салада ортақ іске үлес қосып отырған қызметкер, маман», деді депутат.

Оның пікірінше, мемлекет елді дамыту мақсатында тиісті көлемде қаржы бөлу жағын қарастырады және бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. «Ал бізді оның мүмкіндігінше тиімді болуымен қатар, ойлаған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете алды ма деген мәселе ойландыруы тиіс», деп атап көрсетті Г.Қарақұсова.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.