КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.41.2012  
И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
11 Наурыз 2010, 16:57
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтетін ЕҚЫҰ саммитінің маңызы зор- Қ.Саудабаев
   АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ЕҚЫҰ-ның кезекті саммитін Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізу жоспарланған. Осы орайда бұл іс-шараның маңызы зор. Бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осылай атап  өтті,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұйымға мүше елдер Қазақстанның тарапынан бірлескен жұмысқа жаңаша серпін беретін бастамаларды күтуде. Осы орайда олар ЕҚЫҰ-ның саммитін Қазақстанда өткізу жөніндегі Президенттің бастамасына үлкен үміт артып отыр. Себебі ұйымның соңғы саммиті осыдан 11 жыл бұрын өткізілген болатын. Ал ол уақыттың ішінде көптеген саяси-экономикалық өзгерістер болды. Сондықтан Қазақстанда өтетін саммиттің жұмысы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деген сенім бар. Алдағы уақытта Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін саммит оның халықаралық деңгейдегі саяси беделі арқасында біздің мәртебеміз күшеймек. ЕҚЫҰ-ның кезекті саммитін Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізу жоспарланған. Осы орайда бұл іс-шараның маңызы зор», - деді Қ.Саудабаев.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.