
|
11 Наурыз 2010, 16:42 Төрағалыққа дайындық жұмыстары Президент белгілеген ұстанымдарға сай жүргізілді - Қ.Саудабаев ![]() АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету бойынша жүргізілген барлық жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген ұстанымдарға сай атқарылды. Бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұйымға төрағалық ету Қазақстанның жалпыұлттық стратегиялық мақсаты екендігін тағы бір мәрте еске салған Қ.Саудабаев Президенттің бейнебайланыс арқылы ұйымға мүше елдерге арнап айтқан сөзінің маңыздылығын ерекше атап өтті. «Елбасы ұйымның нақты іс-әрекеттерін анықтады. Ал, ең бастысы, осы мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп берді. Шыны керек, осы тарихи оқиғадан кейін Қазақстанның көшбасшылық мәртебесі өсе түсті. Біздің елге деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Президенттің сөзі ұйымның жұмысына жаңаша серпін берді», - дейді Қ.Саудабаев. Пiкiрлер (0)
|
|