КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.26.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 16:38
Қаңтар-ақпан айларында ІЖӨ өсімі 6,4 пайызды құрады - Статистика агенттігі
 АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Жедел есептеулер бойынша,  биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің өсімі 6,4 пайызды құрады.

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен брифингте  ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикатор биылғы жылғы қаңтар-ақпан айларында яғни, 2009 жылғы осы кезеңге қарағанда 107,2 пайызды құрады.

Айта кетейік, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 6 базалық саладан тұрады. Онда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс секілді негізгі салалар қамтылған. «Осы 6 базалық салаларда өсу қарқыны 7,2 пайызды құрады», деді агенттік төрағасы.

«Біздің жедел есептеулер бойынша, биылғы жылғы қаңтар-ақпан айларында 2009 жылдың осы кезеңіне қарағанда ішкі жалпы өнімнің өсімі 6,4 пайызды құрады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.