КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.47.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 16:34
Қазақстанның экологиялық саясат құралдары ластану мөлшерін азайту мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандырмайды - ЕО жобасы
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында экологиялық саясаттың құралдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел жиыны болып өтті.

Шараны Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті мен Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасында экологиялық саясаттың құралдарын енгізу» атты жобасы бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дөңгелек үстел жұмысы елімізде жүзеге асып отырған экологиялық саясаттың құралдары мен тетіктерінің тиімділігін талқылауға арналып отыр.  «Бүгінгі басқосудың тақырыбы өте өзекті болып табылады әрі бұның үлкен тәжірибелік мәні де бар. Өйткені, басқару дұрыс әрі тиімді құралдардың таңдалып алынуы экологиялық саясаттың нәтижелі жүзеге асуына септігін тигізетіні анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі отырыстың мақсаты Еуропалық Одақ тарапынан іске асырылып отырған жоба шеңберінде отандық және халықаралық сарапшылар жүргізген экологиялық саясаттың қолданыстағы құралдар жүйесін талдау нәтижелерімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстандағы экологиялық саясаттың құралдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады», деді жиынға жетекшілік еткен Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің хатшысы, депутат Валерий Котович.

Дөңгелек үстел барысында ЕО жобасы шеңберінде жүргізілген Қазақстандағы экологиялық саясат құралдарының қолданылуына талдаулар бойынша баяндаманың  таныстырылымы өткізілді. Жалпы, талдау нәтижелері еліміздегі қоршаған ортаның сапасын басқару құралдарының қолданыстағы жүйесі айтарлықтай тиімді болмай отырғанын көрсеткен. Сарапшылардың басым бөлігінің пікірінше, бұндай құралдар ластану мөлшерін азайту мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандырмайды. 

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және отандық сарапшылар тобы қатысты.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.