КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.07.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
11 Наурыз 2010, 16:17
«Жетісу» кеден бекетінде жаңа тексеру құрылғысы орнатылды
АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы қалалық кедендік бақылау департаментіне қарасты «Жетісу» кеден бекетінде "Рапискан-624» жаңа тексеру құрылғысы орнатылды.

Бүгін аталған құралдың Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасы өкілдерінің қатысуымен іске қосу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл құрал аталған бағдарлама аясында АҚШ тарапынан сыйға беріліп отыр.  Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасы ядролық және химиялық, биологиялық қаруды заңсыз тасымалдау, таратудың алдын-алуға бағытталған. Қазірге дейін аталған бағдарлама аясында Қазақстан кеденіне 11 жинақ кедендік бақылау құрылғысы сыйға берілген. Бұл құралдар жолаушылар жүктерін ең жоғары дәлдікпен тексере алады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.