КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.27.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 15:18
Кеденшілер Ресей Федерациясына 6 киләға жуық есірткі затын алып өтпек болған азаматты құрықтады
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Кеденшілер Қарағанды қаласынан Ресей Федерациясына 6 киләға жуық героинды тасымалдамақ болғандардың жолын кесті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіруші  иттің көмегімен «Үрлітөбе» кеден бекетінде Қарағанды-Омбы бағытында бет алған «Мерседес-Бенц» автокөлігін тексеру кезінде, машинаның алдыңғы шынысының декоративті жабындысы астына мұқият жасырылған  полиэтиленді 18 пакетті тапқан.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, ерекше иісі бар зат - героин болып табылады. Жалпы салмағы - 5,9 килә.

Қазір аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 250-ші бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті - 1967 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы, Павлодар қаласы Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына жабылды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.