КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.35.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 15:01
"Тағдырды өзгерткен репортаж" атты халықаралық байқау жарияланды
 АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - «Еуразия Медиа-Орталығы», Халықаралық журналистік одақ конфедерациясымен бірігіп "Тағдырды өзгерткен репортаж" атты фотожұмыстар мен  телесюжеттерге және деректі фильмдерге халықаралық байқау жариялады,   

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара Мәскеудегі ЮНЕСКО Бюросының және Халықаралық телевидение және радио академиясының қолдауымен төртінші рет өткелі отыр.  Байқау 3-ші мамыр - Бүкіләлемдік баспа еркіндігі күніне арналған.

Биылғы жылғы байқауға бірінші рет ұйымдастырушылардың шешімімен Ресей, Балтық және ТМД елдері ЖОО журналистика факультетінің студенттері қатысады.  Студенттік жұмыстарға арнайы "Дебют" сыйлығы тағайындалған. Телевизиялық жұмыстарды саралайтын әділқазылар алқасын Халықаралық телевидение және радио академиясының президенті Анатолий Лысенко және фотограф- журналист, "Новая газетаның" шолушысы    Юрий Рост басқарады.

Байқаудың лауреаттары мен  дипломанттары Мәскеуге шақырылады.  Марапаттау рәсімі мамырдың 3-і күні Орталық журналистер үйінде өтеді. Сол жерде жеңімпаздардың жұмыстары көрмеге қойылып, көрермен назарына ұсынылады.

Подробнее" target="_blank">

Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.