|
11 Наурыз 2010, 14:05 Қарағанды облысында қар құрсауынан адамдар құтқарылды ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Осакаров ауданында ауа райының қолайсыздығынан 40-қа жуық көлік жолда қалып қойды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасқөз қызметінен. Ведомствоның ақпараты бойынша, Осакаров ауданында Ошағанды және Батпақ ауылдарының арасындағы жолда көктайғақтың салдарынан 30 шақты автокөлік жиналып қалған. Кептеліс «Қазавтожол» кәсіпорнының екі автотехникасының күшімен жойылды. Пiкiрлер (0)
|
|