КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.19.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 13:36
Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің жұмыс тобы Сайрам ауданының денсаулық сақтау жүйесінде жол беріліп келген кемшіліктерді анықтады
ШЫМКЕНТ.  Наурыздың    11-і.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Облыстық әкімдікте  жасалған   жұмыс топтары  Оңтүстік Қазақстанның аудандарын  аралап жүр. 

Олардың міндеттері  -   ауыл тұрғындарының ең  өзекті  проблемаларын анықтау.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы   Жұмағали  Исмаилов бастаған осындай  жұмыс  топтарының   бірі Сайрам ауданында  болып,   жергілікті  медициналық мекемелердің жұмыстарымен   танысты. 

 Инспекцияның  қорытындысы  аудандық активтің   жиналысында   шығарылып,  онда Жұмағали  Исмаилов       бірқатар    күрделі проблемалардың бетін ашты.   Атап айтқанда,   1900 онкологиялық     науқасқа        ауданда небәрі екі  маман ғана    қызмет көрсетеді.     Жедел жәрдем  қызметінде  де адамдар азшылық - штатта   14 адам  жетіспейді.      Жалпы алғанда,   қызметтердің  жұмысқа дайындықтары небәрі 42 пайызға  бағаланып  отыр.  «Міне  осы жерде сөзсіз    бюджет тарапынан   қолдау керек»,  деп  атап көрсетті басқарма   бастығы өз сөзінде. 

 Өткен жылы  аймақта сондай-ақ  «А» гепатитімен  ауыру  көрсеткіші өскен.     Онымен қоймай,   Ақсукенттегі  аудандық  аурухананы  күрделі  жөндеу   кезінде     инфекциялық бөлім    назардан тыс қалған.      Ал инфекциялық  бөлім   жөндеу  жұмыстарына да,  қайта жарақтандыруға да аса мұқтаж.   Бірқатар ауылдардың  да  санитарлық жағдайлары сын көтермейді,     дәрігерлердің  пікірінше,  бұл     жергілікті әкімдердің   кінәлары. 

 Облыстық   басқарма бастығы     сонымен бірге, ағымдағы  жылға бес    нысанға күрделі  жөндеу жұмыстары,   бірнеше ауылда фельдшерлік-амбулаторлық  қосын  құрылысының жоспарланғанын  хабарлады. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.