
|
11 Наурыз 2010, 13:05 Журналистер үшін «Қазақстан -2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы» деген тақырыпта конкурс жарияланды ![]() АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - «Medialife» қоғамдық қоры мен елордалық «Таңат» журналистер клубы ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Астанадағы ЕҚЫҰ Қорының және Ф.Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен журналистер үшін «Қазақстан-2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы» деген тақырыпта конкурс жариялап отыр. Қазылар алқасы конкурстық іріктеудің нәтижесінде мына аталымдар бойынша үздік жарияланымдар мен сюжеттерді анықтайды: 1) Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы - жолдың басы және нәтижелер; 2) Қазақстанның төрағалығы кезеңіндегі ЕҚЫҰ кеңістігі: ағымдағы жағдай және перспективалар; 3) Мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайту - әлемдегі орнықтылық пен қауіпсіздіктің кепілі; 4) Демократияландыру - даму мен гүлденуге жол. Конкурсқа қатысатын жұмыстарды комиссия 2010 жылдың желтоқсан айының 5-іне дейін қабылдайды. Оған қатысу үшін жұмыстың түпнұсқасы немесе көшірмесі (2010 жылы қаңтардың 1-і мен желтоқсанның 5-і аралығында жасалған қазақ/орыс тілдеріндегі жарияланымдар мен бейнесюжеттер) «Medialife» қоғамдық қорына жолдануы керек, қордың мекен-жайы: 100008 Қазақстан, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 49, 303-ші кабинет. Пiкiрлер (0)
|
|