КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.51.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
11 Наурыз 2010, 12:45
Алматыда «Инновациялық жобаларды экологиялық-экономикалық бағыттау» тақырыбында өңірлік кеңес өтті
 АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы облысында қатты қалдық көметін 513 полигон бар, оларда жылына 562,5 мың тонна қалдық жинақталады. Бұл жайында бүгін өткен «Инновациялық жобаларды экологиялық-экономикалық бағыттау» атты кеңейтілген өңірлік кеңесте айтылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы  Сағынбек Мұташевтың айтуынша, Елбасымыздың тапсырмасына орай экологиялық инновацияларды енгізуге, технологиялық кешендер мен экологиялық жабдықтың өндірісі бойынша зауыттарды құруға бағытталған  «2010-2014» жылдарға «Жасыл Даму» мемлекеттік бағдарламасы әзірленген. «Бүгінгі күні өндірістік және тұтынған қалдықтарды есепке алу, өңдеу және залалсыздандыруға қатысты кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарының, автокөлік құралдарының пайдаланған қалдықтарын көметін аймақаралық полигонның жоқтығы үлкен мәселе болып отыр», дейді С.Мұташев.

            Кеңесте ірі табиғат пайдааланушылардың - табиғат қорғау іс-шараларын және өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын орындауы, индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламамен іске асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптамаларға мониторинг жүргізу,  өндірістік қалдықтар және оларды тұтыну жөніндегі мәселелер қызу талқыланды.

            Сонымен қатар, кеңес барысында атқарушы органдарға  полигондарда экологиялық талаптарға сәйкес қалдықтардың сұрыпталуын, шығарылуын, сақталуы мен залалсыздандырылуын ұйымдастыру, оларды өңдеуге қатысты жауапкершілікті арттыру мәселесі ұсынылды.

            Жиынға аумақтық экология департаменттерінің басшылары, ҚР Ұлттық банкі және екінші деңгейдегі банктер филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен ірі табиғат пайдаланушылардық өкілдері қатысып, баяндамалар оқыды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.