|
11 Наурыз 2010, 12:28 Ясауидің "Хикметтері" - қазіргі біздің замандастарымызға ғасырлар қойнауынан берілген рухани-адамгершілік жолдау АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ғылыми форумның тек қана территориялық емес, сонымен қатар ертеден тарихы, мәдениеті тығыз байланысты Орталық Азияның, Түркияның, Ресейдің ғылыми қауымдастығының өкілдерін жинап отырғандығы қуантады. Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бүгін Алматыда өтіп жатқан "Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және қазіргі заманғы ислам мәдениеті" деп аталатын халықаралық ғылыми конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтауында осылай айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны Философия және саясаттану институтының директоры Әбдімәлік Нысанбаев оқып берді. Жансейіт Түймебаевтың құттықтауында: «Ясауидің "Хикметтері" - қазіргі біздің замандастарымызға ғасырлар қойнауынан берілген рухани-адамгершілік жолдау. Ол өмірдегі ақиқатқа жету жолына түскендерге өсиет түрінде қалған. Онда осы жолды қинала жүріп іздеген адамның ұстанымы мен адам болмысының күмән мен сенімге, құлдырау мен өрлеуге негізделген әртүрлі қырлары бағамдалатыны айтылады. Қазақ халқы басқа түркітілді халықтар сияқты әділеттілік идеясын, зұлымдықпен күресті, адамгершілікті және махаббатты көксеген Қожа Ахмет Ясауи туралы жадыны жоғары бағалайды. Оның тұлғасы мен рухани мұрасына байланысты дүниелердің барлығын құрмет тұтады. Ясауидің рухани мұрасының әртүрлі қырларын, оның қазақстандық қоғамның руханилығының дамуына тарихи әсері және қазіргі әлемнің жаһандық өзгерістер дәуірінде бірегейлікті іздеу қарастырылатын осы конференция соның нәтижесі. Конференцияның жұмысына табыс тілеймін және оның нәтижелері халықаралық ғылыми байланыстардың дамуы мен нығаюына қосылған қомақты үлес болып табылатына сенімдімін", делінген. Пiкiрлер (0)
|
|