КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.16.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
11 Наурыз 2010, 12:03
Оңтүстік Қазақстанның Ораңғай ауылы 1300 жылдығын атап өтеді
ШЫМКЕНТ. Наурыздың  11-і.   ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -     Түркістан  мен  Кентау  қалаларының   арасында  орналасқан  Ораңғай ауылы  биыл  1300 жылдығын  атап   өтеді, 

деп хабарлады  селолық    округтің әкімдігінен. 

Байырғы    қоныстың   саны  10 мыңға жуықтайтын тұрғындары       мерейтойды  өз қаражаттарына атап өтпек   болып  отыр.    Және  той-томалақпен емес,   туған  ауылдары үшін  пайдалы іспен атап өтпек. 

Ақсақалдардың бастамасы  бойынша,   бірнеше кезеңмен   қаражат жинау    жөніндегі  қайырымдылық   шаралары өткізілетін  болады.  Алдымен   бұл шараны    бюджетшілер   бастайды,       содан кейін       оны зейнеткерлер,    кәсіпкерлер    жалғастырады,   ең  соңында    шаруалар      түйіндейді.   Жиналған     қаражат  жалпы жиналыстың шешімімен   жолдарды  жөндеуге, абаттандыру  және көгалдандыру    жұмыстарына жұмсалатын  болып  отыр.

Ақсақалдардың  үндеуін  қолдап отырған   тұрғындар,   Ораңғайда   туып-өскен, бірақ қазір     басқа    өңірлерде тұрып  жатқан   барлық  азаматтар  да  туған  жерлеріне    қолдау көрсетеді  деп үміттенуде.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.