|
11 Наурыз 2010, 11:19 Ақтөбе облыстық аңшылар және балық аулаушылар қоғамының бұрынғы төрағасы браконьерлігі үшін кінәлі деп танылды АҚТӨБЕ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облыстық аңшылар және балық аулаушылар қоғамының бұрынғы төрағасы браконьерлігі үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен. Сәрсенбі, наурыздың 10-ы күні Байғанин аудандық соты үкім шығарып, оны 3 жылға жалпы режимдегі колонияға кесті. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ және сотталушы 15 күннің ішінде оған наразылық білдіріп, шағымдана алады. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы 2009 жылы желтоқсанның 5-інде, жабайы аңдарды аулайтын орындарды және аңшылықтың ережелерін біле тұра, өз таныстарына қасақана адастырып, олармен бірге Жаңажол селолық округінің аумағында орналасқан аңшылық алқаптардың резервтік қорының аумағында заңсыз аң аулаған. Экс-төраға таныстарымен бірге 10 жабайы қабан атып алған, нәтижесінде мемлекетке 2,59 миллион теңге соманың материалдық шығыны келтірілген. Пiкiрлер (0)
|
|