
|
11 Наурыз 2010, 11:40 Оңтүстік Қазақстан әкімдігіндегі сенім телефоны адамдарға проблемаларын шешуге көмектесуде ![]() ШЫМКЕНТ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде жедел телефон байланысының жұмысына талдау жасалды. Қаңтардың 1-і мен наурыздың 1-і аралығында облыстық әкімдік аппаратының сенім телефонына 282 адам хабарласқан, деп хабарлады әкімдіктен. Операторлар 183 шағым-арыз тіркеген және олар туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовке баян еткен. Қалған қоңыраулар сол замат уәкілетті органдарға берілген және олардың қызметкерлері қоңырау шалушыларға көмек көрсеткен. Екі айдың ішінде сенім телефонына Шымкент тұрғындары ең көп хабарласқан - олардан 179 хабар түскен. Халықты көбіне коммуналдық қызмет төлемдерінің есептелуі, жылу, электр жарығы, су және газ проблемалары толғандырады екен. Шалынған 20 қоңырау жеке бастың мәселелерін шешуге қатысты өтініштер болған. 101 қоңырау бойынша проблемалар шешімін тауып отыр. Пiкiрлер (0)
|
|