|
11 Наурыз 2010, 09:55 Павлодарда Математика онкүндігі басталды ПАВЛОДАР. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алады» деген ұранмен басталған Математика онкүндігін мамандандырылған мектептердің төменгі сынып оқушыларының турнирі ашып отыр. Үй тапсырмаларының таныстырылмында командалар математикалық «Көкпар» және «Бәйге» жарыстарын өткізді. «Турнирде шығармашылық рухы сақталды, зияткерлік жарыстан алған баға жетпес тәжірибелері кішкентай математиктер үшін басты сыйлық болды», деп хабарлады «Ертіс дарыны» орталығынан. №3 гимназияның жас математиктері турнир жеңімпазы деп танытылды. Екінші орынды - дарынды балаларға арналған №10 мектептің командасы жеңіп алса, үшінші орынды -№8 лицейдің жас математиктері қанағат тұтты. Пiкiрлер (0)
|
|