
|
11 Наурыз 2010, 08:43 Павлодарлық нұротандықтар жастарды патриоттық тәрбиелеу мәселелерін талқылады ![]() ПАВЛОДАР. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалының форумына қатысқан ауылдық және қалалық бастауыш ұйымдардың делегаттары жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесін талқылады. Электролиз зауытындағы нұротандықтар ұйымының төрағасы Жарқын Трушев Ұлы Отан соғысының жауынгерлерін үлгі етіп жастарды тәрбиелеу туралы әңгімелеп берді. ENRS компаниясының қаржылай қолдауымен «Майдан жолы» тарихи-патриоттық іздеуші отряд қазақстандықтар шайқасқан Ленинград облысындағы Синявинский биігінде болып қайтты. «Ол жерге қайта оралып, Отан қорғаушыларға обелиск орнату мақсатында біз бауырластар зираттарының жанына белгілер орнатып кеттік», - деді Ж.Трушев өз сөзінде. Павлодарлық нұротандықтар сондай-ақ, «Біртұтас Ресей» партиясындағы әріптестерімен бірге Псков облысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің бастарына ескерткіштер орнату жөніндегі ортақ міндеттер белгілеп отыр. Пiкiрлер (0)
|
|