|
10 Наурыз 2010, 21:13 Душанбедегі Қазақстан Елшілігі «Памир» журналының таныстырылымын ұйымдастырды АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшілігі Душанбеде Тәжікстанның Жазушылар одағымен бірлесе отырып, Қазақстан мен Тәжікстанның мәдени және әдеби байланыстарына арналған «Памир» журналының таныстырылымын ұйымдастырды. Бұл шараға Тәжікстанның танымал жазушылары, ақындары мен әдебиеттанушылары, сондай-ақ жұртшылық өкілдері мен журналистер қатысты, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен. Жиналған қауымның назарына Қазақстанның танымал ақын-жазушыларының туындыларының үзінділері, өлеңдері мен көркемсөздері таныстырылды. Тұсаукесер рәсімде сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Әбутәліп Ахметов, әдеби байланыстарды дамытудағы, әлемдік мұралар қазынасына кірген туындылардың аудармаларын ұйымдастырудағы екі елдің табысты ынтымақтастығын атап көрсетті. Тәжік тарапынан сөз сөйлеген Жазушылар одағының төрағасы Мехмон Бахти, халық ақыны Камол Насрулло, халық жазушылары Абдували Давронов пен Абдугаффор Абдужаббаровтар өз сөздерінде әдебиет, аударма жасау және өнер саласындағы екі елдің тығыз қарым-қатынасын атап көрсетті. Пiкiрлер (0)
|
|