|
10 Наурыз 2010, 21:09 Қарағанды облысында 2009 жылы «Нұр Отан» партиясының қатарынан 23 адам шығарылды - облыстық форум ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында 2009 жылы «Нұр Отан» партиясының қатарынан 23 адам шығарылды, оның жетеуі - сыбайлас жемқорлықтары үшін, 8-і - партияның атына кір келтіретін әрекеттері үшін, тағы 8-і - партия Жарғысын сақтамағаны үшін партия қатарынан шығарылып отыр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отанның» облыстық филиалының төрағасы Серік Ахметов сәрсенбі, наурыздың 10-ы күні өткен бастауыш партия ұйымдары төрағаларының аймақтық форумында мәлім етті. «Өкінішке орай, бірқатар бастауыш ұйымдарда партия Жарғысын, бағдарламалық құжаттарды сақтамау фактілері орын алуда, партия мүшелерінің арасынан жемқорлар да шығып отыр. Партия мүшелерінің қозғалысына лайықты бақылаудың болмауы салдарынан 2009 жылы 712 адам басқа өңірлерге есептен шықпастан кетіп қалған», - деп атап көрсетті С.Ахметов өз сөзінде. Облыстық филиал басшысы келешекте осындай құбылыстарға жол бермес үшін, партияластарын осынау фактілерге лайықты баға беруге шақырды. Пiкiрлер (0)
|
|