
|
10 Наурыз 2010, 20:56 «Нұр Отан» партиясының қарағандылық филиалы бастауыш ұйымдардың аймақтық форумын өткізді ![]() ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы сәрсенбі, наурыздың 10-ы күні бастауыш партиялық ұйымдардың төрағаларының аймақтық форумын өткізді. Бұл шараны өткізудегі мақсат - бастауыш ұйымдардың ролін күшейту, партия ішіндегі өзара іс-қимылдардың тиімділігін арттыру болып табылады, дейді ұйымдастырушылар. Аймақтық кездесу сәуірдің 21-інде Астанада өтетін республикалық форумның қарсаңында өтіп отыр. Қарағанды филиалының қатарында 83 мыңнан астам партия мүшесі бар, аймақта барлығы 500-ден астап бастауыш ұйым жұмыс істейді. «Сан жағынан жаман емеспіз, партия мүшелерінің саны бойынша республикада бірінші орындамыз. Бірақ біз енді осынау мол әлеуетті пайдалануымыз, оның тиімділігін арттыруымыз керек және бұл жұмысты бастауыш ұйымдардан бастаған жөн», - деп мәлім етті Қарағанды облысының әкімі, облыстық филиалдың төрағасы Серік Ахметов. Пiкiрлер (0)
|
|