|
10 Наурыз 2010, 20:31 Орал қаласында Сырым ауданының өнерпаздары шығармашылық есеп концертін қойды ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Наурыздың 10-ында Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде Сырым ауданының өнерпаздары шығармашылық есеп концертін қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған жұртшылық алдымен мәдениет үйі фойесінде, кіші залында орналастырылған аудан өмірін бейнелейтін көрмемен танысты. Бұдан кейін концертте Сырым елі өнерпаздары әуелете ән салып, мың құбылта би биледі. Әсіресе, олардың қатарында жас таланттардың да бар екені көпшілікті қуантты. Аудандардың мәдениет және өнер күнін өткізудегі басты мақсат та осындай дарындарды іріктеп, облыс, ел сахнасына шығару болатын. Кеш соңында аудан әкімі Ерлан Нысанғалиев көрермен қауымға ризашылығын білдірді. Пiкiрлер (0)
|
|