КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.37.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
10 Наурыз 2010, 20:26
Қазіргі таңда Қазақстан есірткі бизнесімен халықаралық күрестің «алдыңғы шебінде» тұр - Есірткі бизнесімен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес комитетінің төрағасы Ж.Сүлейменов
 ВЕНА. Наурыздың   10-ы.  ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Қазіргі таңда Қазақстан   есірткі  бизнесімен    халықаралық  күрестің «алдыңғы шебінде» тұр  және    ел басшылығы   осы күрестің  барынша тиімділігін қамтамасыз  ету  мәселелерін  шешуге  айрықша назар   аударуда.  

   Бұл туралы   Венада  наурыздың 9-ы күні   ҚазАқпарат тілшісіне  берген сұхбатында    ҚР ІІМ     Есірткі  бизнесімен  және  есірткінің  заңсыз айналымымен  күрес  жөніндегі    комитетінің  төрағасы Жанат  Сүлейменов    айтты.

 Ж.Сүлейменов  Қазақстан  делегациясының  құрамында    БҰҰ-ның  Есірткі  заттары  жөніндегі    комиссиясының    наурыздың 8-12-сі аралығында  Венада өтіп жатқан     53-ші сессиясының  жұмысына  қатысуда.    Комиссия мәжілісінің аясында     қазақстандық тарап     шетелдік серіктестерін    есірткі  бизнесімен  күрес     жөніндегі Қазақстан  Республикасының  басшылығы қабылдап жатқан     шаралар    мен     отандық  есірткіге  қарсы  құрылымдардың  жұмыс  нәтижелері  туралы    хабардар етеді.

 «Есірткі  бизнесімен  күрес  әрқашан Қазақстанның  құқық қорғау    органдары жұмыстарының  басымдықты бағыттарының  қатарында.   Біздің   еліміз үшін  есірткі    проблемасының      өзектілігі     елдегі  шикізат базасының  болуымен  ғана  емес,  сонымен бірге   есірткі  топтарының трансшекаралық      мазмұнымен  де,   бірінші кезекте,  Ауғанстаннан  тасымалданатын   есірткінің транзиттік бағытының  республика арқылы өтуімен      байланысты», -   дейді Ж.Сүлейменов.

 Комитет  төрағасының атап  көрсетуінше, Қазақстан басшылығы   қалыптасқан  жағдайды   объективті  бағалауда  және      халықаралық  есірткі  қаупіне  қарсы күреске  бар күш-жігерлерін салуда. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.