КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.24.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
10 Наурыз 2010, 20:00
Жамбылдық оқушы физикадан өткен Бүкілресейлік интернет-олимпиаданың абсолюттік көшбасшысы атанды
АСТАНА.  Наурыздың 10-ы.  ҚазАқпарат  -   Жамбыл облысындағы    қазақ-түрік  лицейінің  11-ші сынып оқушысы    Темірлан   Сейдахметов     физикадан    Бүкілресейлік   интернет-олимпиаданың   абсолюттік    көшбасшысы атанып  отыр.  

Бұл туралы ҚазАқпаратқа   «Дарын»  республикалық  ғылыми-тәжірибелік  орталығынан   хабарлады.

 Орталықтан     хабарлағандай,   интернет-олимпиаданы    жыл  сайын  Санкт-Петербор мемлекеттік  университеті мен  Санкт-Петербор мемлекеттік  ақпараттық  технологиялар, механика және оптика университеті  ұйымдастырады.   Олимпиада тапсырмалары әртүрлі  деңгейде   болып  келеді.

 «Биылғы Олимпиадаға  10 мыңдай адам қатысқан,  олардың әрқайсысы    дерлік    кейбір тапсырмаларды  орындай алған  - әсіресе  тестілік     сынақтар мен      әр модельдегі  тапсырмалардың  алғашқы бөлімдерін.    Бірақ  та     өте күрделі  тапсырмалар      болған», - дейді «Дарындағылар».

 Биылғы   жарыста    ол  есептерді  қатысқан  10 мың адамның   ішінен  3-5 адам ғана     шығара алған.  Біздің Т.Сейдахметов    сол     білімділердің ішінде бірінші  орында  тұр.      Ол   жарысқа Қазақстанның атынан  1-ші және 2-ші    турларға  100  оқушы қатысқан болатын.    Бұл олимпиаданың басқа   білім жарыстарынан айырмашылығы,  ол  виртуальды негізде  өтеді.    Ал     Олимпиаданың     үшінші  кезеңі  наурыздың 27-сінде  болады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.