
|
10 Наурыз 2010, 19:33 Ақмола облысының әкімі республика үкіметінің порталы арқылы интернет-конференцияға қатысты ![]() КӨКШЕТАУ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысының әкімі Альберт Рау республика үкіметінің порталы арқылы интернет-конференцияға қатысып, қойылған сауалдарға нақтылы жауап қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз мәслихатында облыс басшысы Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қолға алынған іс-шараларға тоқталып, бірқатар өзекті мәселелерді тарқатты. Әкім блогына соңғы екі жылда 750-ден астам сауал түссе, оның 215-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін, 114-і еркін тақырыпты, 71-і мемлекеттік органдар қызметін, 33-і ауыл шаруашылығын қамтыған. Солардың барлығына дерлік дер кезінде жауап қайтарылып, бірқатары жеке бақылауына алынып, қадағаланған. Интернет-байланыс кезінде Көкшетау қаласының тұрғындары әлеуметтік, электрмен қамту, спортты дамыту, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығы турасында сауалдарына жауап алса, Бурабай ауданының тұрғындары Щучье курорты аймағын дамыту, Сандықтау мен Зеренді аудандарының тұрғындарын көктемгі егіс пен күзгі жиын терін жұмыстарын өткізу жайы қызықтырған. Баспасөз мәслихаты барысында сол сауалдарға жауап қайтарылды. Пiкiрлер (0)
|
|