
|
10 Наурыз 2010, 19:17 Ә.Исекешев Интернет арқылы кәсіби мамандарды елді индустрияландыру науқанына қатысуға шақырды ![]() АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін он-лайн режимінде Bnews.kz порталы арқылы халықтың сауалдарына жауап берген ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев барлық кәсіби мамандарды елді индустрияландыру науқанына қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, бүгінде Индустриялық-инновациялық бағдарламанының әдістемелік негізін даярлау - басты міндет. «Сондықтан бағдарламаны іске асыру барысында бізге кәсіби мамандардың пікірі мен қызметі аса қажет. Алдағы уақытта осындай мамандардан тұратын сарапшылар тобы құрылады. Олар тұрақты немесе уақытша негізде металлургия, мұнай-газ және тағы басқа салаларды дамыту бойынша жұмыс істемек. Бүгін мен осы Интернет мүмкіндігін пайдалана отырып, барлық кәсіби мамандарды елді индустрияландыру науқанына қатысуға шақырамын», - деді Ә.Исекешев. Министр атап көрсеткендей, азаматтар оның Интернет блогы немесе министрліктің сайты арқылы өтініш бере алады. Пiкiрлер (0)
|
|