КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.48.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
10 Наурыз 2010, 19:01
Қостанайда жастар тәжірибесіне 0,5 миллиардтан астам теңге жұмсалады
ҚОСТАНАЙ.  Наурыздың  10-ы.  ҚазАқпарат  /Петр Плахотников/ - Қостанай  облысының Еңбекпен  қамту және  әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру  басқармасының   мәліметтері  бойынша,   өңірде    Жол  картасы  аясында     әлеуметтік  жұмыс  орындарын  және   жастар тәжірибесі  бойынша  жұмыс орындарын   құруға    540 миллион теңге бөлініп  отыр. 

Басқарма  бастығының  орынбасары Нағима Бижанованың  айтуынша,     облыстағы  74 кәсіпорында     ашылған    әлеуметтік  жұмыс  орындарында   қазіргі таңда  574  жұмыссыз    еңбек етуде.    Әсіресе,   Қостанай,  Рудный,  Арқалық,  Лисаковск  қалаларында  және  Жітіқара ауданында     жұмыспен қамтылғандардың саны көп. 

Оған қоса, облыстың  94 кәсіпорны мен ұйымында    260   түлекке жұмыс  орындары  берілген. 

 Наурыздың  1-інен  бастап  Қостанай   облысында  «Жол  картасы»  аясында    кадрларды дайындау және   қайта дайындау  жөніндегі сабақтардың бірінші толқыны  басталды.    994   жұмыссыз    түрлі  жұмысшы   кәсіптерін  игеруге  мүмкіндік    алды.   Білім алушылар  ай сайын 7,5 мың  теңге көлемінде  шәкіртақы алатын   болады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.