|
10 Наурыз 2010, 17:50 Ломбардтан ұрланған алтын бұйымдар табылды - Атырау АТЫРАУ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда қаланың шеткі ықшам аудандарының біріндегі бітпеген құрылыстардың бірінің ішінен ломбардтан ұрланған алтын бұйымдар салынған қапшық табылды. Ломбардты тонады деген күдіктілер ұсталды. Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, қапшықтың ішінде сақина, алқа, сырға сияқты 300-ден астам алтын бұйымдар болған. «Бұл әшекейлер ақпанның 24-інде жасалған тонау кезінде ұрланған болатын. Ломбардты тонаған қарулы екеу 2 миллионнан астам теңгенің алтын әшекелерін алып кеткен. Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш жас жігіт ұсталды. Олардың екеуі - тонаушылар да, біреуі - оларға көмектесуші», - дейді Г.Мұхтарова. Пiкiрлер (0)
|
|