|
10 Наурыз 2010, 17:41 Батысқазақстандық самбошылар ҚР чемпионатында жалпыкомандалық есепте ешкімге дес бермеді ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақтөбе қаласында ерлер арасында самбо мен әскери самбодан өткізілген Қазақстан чемпионатында батысқазақстандықтар бес алтын, үш күміс, қос қола медальды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, екі мәрте әлем чемпионы Ерболат Байбатыров, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Медет Оңдағанов, Азамат Мұқанов, Павел Лысенко самбодан өз салмақтарында жеңіс тұғырына көтерілсе, әскери самбодан Бауыржан Ғұмаров жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Саят Шамшиев, Орынбасар Жұрмағамбетов, Баһадүр Жорашев, Айбек Ғабдешев, Жомарт Дінішевтер жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жалыпкомандалық есепте батысқазақстандықтар - бірінші, шығысқазақстандықтар - екінші, Алматы қаласы өкілдері үшінші орынды еншіледі. Пiкiрлер (0)
|
|