КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.29.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
10 Наурыз 2010, 17:32
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жастармен кездесу өткізді
 ШЫМКЕНТ. Наурыздың 10-ы.   ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -    Оңтүстік Қазақстан   облысының  әкімі   Асқар  Мырзахметов  бүгін        жастармен  кездесу  өткізді.   Жастар белсенділерімен     ең өзекті   мәселелерді  талқылауға арналған бұл басқосуға   аймақ  басшысының  өзі  ұйытқы болды. 

Өзекті  мәселелер аз  болмай  шықты.  Жастар      облыста Жастар сарайының  жоқ екенін  айтты,  спорттық   құрылымдардың  жетіспейтінін, бар нысандардың  өзіне   жастардың   қолдары жетпей  отырғанын,     жастар бағдарламасына қаржының аз бөлінетінін    айтты.    Ал      облыста   30 жасқа дейінгі, яғни  «жастар» санатына  жататын   700 мыңнан астам  адам   тұрады.

А.Мырзахметов,   қазір осы мәселелермен айналысып   жатқанын    хабарлады.    Бірінші кезекте,  ол    ішкі  саясат басқармасының жанындағы жастар    орталығын  қайта  құрды.   «Орталық бұрынғыдан да тиімдірек     жұмыс істейтін   болады.   Ол  сіздердің    көптеген мәселелеріңізді,   оның ішінде  кадрлық,  ұйымдастырушылық   мәселелерді  шеше алады», - деді А.Мырзахметов  өз сөзінде.  

Әкім сондай-ақ,    жастарды ауылға  тарту  үшін   бюджеттен  қаржы  бөлініп  отырғанын  еске салды.  «Оңтүстікте  халықтың  50 пайыздан  астамы -  ауыл тұрғындары.   Кәсіби кадрлар барлық  жерде керек.     Жас мамандарға   баспанамен  және  әлеуметтік  мәселелерді шешумен  көмектесетін боламыз», - деді  А.Мырзахметов, 

Жастар өз  кезектерінде  ашық әңгіме үшін әкімдікке       алғыс айтты -  көптеген мәселелер  бірлесіп шешілуде.  «Атап  айтқанда,  облыста   тек   оқу озаттары мен  белсенділер енгізілген     ортақ база  құрылуда.   Сол    базаға   енгізілген     адамдардың 383-ін   біз  әкімдіктің көмегімен   жұмысқа   орналастырдық», - дейді   «Ауыл жастары»  республикалық қозғалысының  өкілі Дамир  Жүнісов.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.