КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.54.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
10 Наурыз 2010, 17:19
Батысқазақстандық оқушылар республикалық олимпиададан олжалы оралды
ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алматы қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Жарқын болашақ» республикалық екінші қазақ тілі олимпиадасынан батысқазақстандық талапкерлер табыспен оралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«KATEV» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған білім бәсекесінде бақ сынаған 300-ден астам өреннің ішінде Орал қаласындағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушылары да болды. Алты бағыт бойынша өткен республикалық олимпиаданың «Тіл білімі» сайысында аталмыш мектептің 9-сынып оқушысы Алпамыс Файзолла екінші орынды иеленіп, күміс медальды өңіріне тақты. Сондай-ақ «Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша 8-сынып оқушысы Сұңғат Аманбаев та осындай нәтиже көрсетсе, «Жас ғалымдар» бәсекесінде 10-сынып оқушысы Санжар Нұрғалиев үшінші орынды еншіледі.

Осы олимпиадада алтын медальға қол жеткізгендер орта мектепті бітіргеннен кейін Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық университетте грант жүйесімен тегін оқу құқығына ие болса, күміс және қола жүлдегерлерге сәйкесінше 50 және 25 пайыз жеңілдік беріледі.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.