|
10 Наурыз 2010, 15:39 Теннис: Қазақстанның ерлер құрамасы «Дэвис кубогының» екінші кезеңіне шықты АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үлкен теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Азия/Мұхит аймағындағы «Дэвис кубогының» екінші кезеңіне шықты. Енді мамырдың 7-сі мен 9-ы аралығында өтетін екінші кезеңде біздің команда Қытай құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасын 5:0 есебімен жеңді. Ал Қытай құрамасы болса 3:2 есебімен Өзбекстан командасынан басым түсті. Пiкiрлер (0)
|
|