|
10 Наурыз 2010, 15:36 Қарағанды облысында мемлекеттік органның компьютерлік желілерін бұзып, 1,5 млн. теңге залал келтірген әйел істі болды АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қарағанды облысында мемлекеттік органның компьютерлік желілеріне заңсыз еніп, 1,5 млн. теңге залал келтірген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, аталған азаматша мемлекеттік органдардың компьтерлік желісін бұзып кіріп, «Жылжымайтын мүлік» атты мәліметтер базасындағы тоқтам салынған пәтердің бірін жойып тастаған. Кейін бұл пәтерді сатып жіберген. «Оның қылмысынан келген залал 1,5 млн. теңгені құрап отыр. Азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды», дейді Қ. Жұманов. Пiкiрлер (0)
|
|