КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.35.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
10 Наурыз 2010, 15:42
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Е.Хрусталеваға Алматы облысының әкімі пәтер алуға ақша табыс етті
 ТАЛДЫҚОРҒАН.  Наурыздың 10-ы.  ҚазАқпарат  /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Алматы  облысының әкімі Серік Үмбетов      Ванкувер Олимпиадасының күміс  жүлдегері    Елена  Хрусталеваға   Қаскелеңде  екі бөлмелі пәтер алуға    50 мың      АҚШ долларын  салтанатты  жағдайда  табыс етті. 

«Бүгін   біз  Ванкувер  Олимпиадасының     күміс жүлдегері   биатлоншы Елена   Хрусталеваға  құрмет көрсету  үшін жиналып отырмыз, -  деп    бастады  өзінің  құттықтау  сөзін әкім  Серік Үмбетов. -  Елена,  сіздің   табысыңыз    барша қазақстандықтарды қуантып   отыр.       17 күн бойы бүкіл  әлем  Ванкувердегі  Олимпиадаға көз  тікті.    Елена  мен   оның  жаттықтырушыларына,    олардың  спорттық   табыстары  мен   барша  қазақстандықтарға   тарту еткен     қуаныштары үшін алғыс  айтқым  келеді.  Мықты денсаулық,    отбасына    амандық  және спорттық табыстар тілеймін».

 Е.Хрусталева    өз кезегінде  облыс әкіміне    алғыс  білдіріп,      кәдесый  ретінде Олимпиада ойындарының символын табыс етті.  

Облыс әкімінің  баспасөз қызметінен   хабарлағандай,   С.Үмбетов,  сондай-ақ    Алматы  облысының   биатлоннан аға жаттықтырушысы    Виктор  Смирновқа 752 мың теңге сыйақы  табыс етті.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.