|
10 Наурыз 2010, 14:13 Ақтөбе облысында «Арай» әлеуметтік әріптестік бағдарламасы басталды АҚТӨБЕ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында «Арай» әлеуметтік әріптестік бағдарламасын жүзеге асыру басталады, ол Мұғалжар ауданында бизнесті, шығармашылық таланттарды және ұлттық кәсіпшіліктерді қолдауға бағытталған. Ақтөбе облысындағы «Арай» бағдарламасының ілкі жобасы Мұғалжар ауданының тұрғындарына есептелген және олардың қайтарымсыз 850 мың теңгеге дейін гранттар алуына мүмкіндік береді. Бір ай бойы жүргізілетін байқауға өтінімдер қабылдау басталды. Жобаға Ақтөбе облысы әкімдігі қолдау көрсетуде. «Арай» бағдарламасы 2008 жылғы таңдаулы әлеуметтік жоба ретінде президенттік «Парыз» сыйлығына ие болды, ал 2009 жылы Қазақстанның Азаматтық форумында «Таным» сыйлығымен марапатталды. Пiкiрлер (0)
|
|