КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.41.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
10 Наурыз 2010, 14:26
Қазақстанда 2010 жылғы ақпанда тұрғын үй рыногындағы бағаның көтерілуі байқалды
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда 2010 жылғы ақпанда тұрғын үй рыногындағы бағаның көтерілуі байқалды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

 «2010 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйді, дайын және қарасылақты тұрғын үйлерді алып-сату бағасы 0,4 пайызға көтерілді, ал дайын тұрғын үйлерді жалға беру 0,2 пайызға төмендеді», делінген Статистика агентігінің таратқан хабарламасында.

 Агенттіктің мәліметінше, атап айтқанда республика бойынша жаңа пәтердің құны 1 шаршы метрі үшін 139 мың 181 теңгені құрады. Екінші нарықтағы дайын пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны - 101 мың 304 теңгені, ал қарасылақты тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің құны  59 мың 394 теңгені құрады. Дейтұрғанмен, 2009 жылдың ақпан айымен салыстырғанда бір жылдың ішінде елімізде жаңа тұрғын үйлердің бағасы 3,3 пайызға төмендеген, ал екінші нарықтағы пәтерлер 4,8 пайызға арзандаған.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.