КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.08.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
10 Наурыз 2010, 13:47
ҮЕҰ өкілдері фандрайзинг негіздері жайында білімдерін жетілдіруде
АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда қазақстандық және халықаралық ұйымдардан қаржылай қолдау iздестiру жолында жергiлiктi ҮЕҰ-дың әлеуетін жоғарылату мақсатына арналған «ҮЕҰ үшін фандрайзинг негіздері» атты семинар-тренинг өтіп жатыр,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Қазақстандағы экологиялық бағдарламаларды iске асырудағы қоғамның атсалысуын жоғарылату бағытындағы жобаны Еуропалық одақтың қаржыландыруымен  арнайы мамандар өткізуде. Ұйымдастырушылардың пікірінше, ҮЕҰ-дың жетістігі тартылған қаржыландыру мөлшеріне, тұрақтылық пен олардың қаржылай көмек көрсететін әрiптестерiнiң сенiмдiлiгiне байланысты.

         Шара барысында фандрайзинг негіздері жайында мәліметтер беріліп, донорлық ұйымдардың негізгі талаптарын сақтай отырып қаржылай қарым-қатынас жасау туралы сөз қозғалып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

         Қазақстандағы табиғи ортаны қорғау бағдарламаларын iске асырудағы қоғамның бірлесе атсалысу әрекетін нығайтуға арналған екі күндік семинар  IBPP ТАСИС жобасы аясында өткізілуде. Бағдарламаға Еуроодақ 152 444 еуро бөлген,  EcoIDEA қоғамдық қоры мен Milieukontakt International (Нидерландия) халықаралық ұйым арқылы жүзеге асырылуда.

         Семинарға Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының ҮЕҰ өкілдері қатысуда.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.